Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Еуроодақ Таяу Шығысқа қатысты мәселеде қатаң талап қойды

    Еуроодақ Таяу Шығысқа қатысты мәселеде қатаң талап қойды

    Фото: 24kz

    Брюссельдегі Еуропалық Кеңес саммиті соңғы жылдардағы ең даулы саммиттердің бірі болып тарих қойнауына енді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Геосаяси қақтығыстар мен энергия бағасының өсуі ЕО-ға мүше 27 мемлекет басшысының күн тәртібіне тікелей әсер еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
    Орталық мәселе – АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерінен туындаған Таяу Шығыстағы жағдай.

    Көшбасшылар шиеленісті азайту және барынша ұстамдылық танытуды, сонымен қатар энергетика және су нысандарына қарсы соққыларға мораторий енгізуді талап етіп отыр.
    27 мемлекет және үкімет басшылары Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтірудің шұғыл қажеттілігі туралы келісті. Бірақ, олар АҚШ президенті Дональд Трамптың талабына сай, ЕО әскери-теңіз миссиясын орналастыру «қажетті шарттар орындалғаннан кейін» жүзеге асырылуы керек деп мәлім етті.

    ЕО көшбасшылары «Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2817 қарарына сәйкес, аймақтағы елдерге қарсы әскери шабуылдарды дереу тоқтатуы керек» деп нақтылай түсті.
    Мұнан өзге ЕО «Иран ядролық қаруға ие болмауы керек» деп есептейді.

    – Тегерандағы режим өз халқына қарсы зорлық-зомбылық пен репрессияны тоқтатуы керек. Біз Иран халқымен толық ынтымақтастықта екенімізді және олардың өз болашағын өзі анықтау құқығын қолдайтынымызды білдіреміз, – деп жазылған қорытынды мәлімдемеде.
    Саммитте гуманитарлық апат пен одан әрі нарықтық хаостың алдын алу үшін аймақтағы энергетикалық және су инфрақұрылымына шабуылдарға уақытша мораторий енгізу ұсынылып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →