Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты •

    +25°С: Наурыз мерекесінде күн жылы болады

    +25°С: Наурыз мерекесінде күн жылы болады

    Фото: pinterest.com

    «Қазгидромет» синоптиктері 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Болжамға сәйкес, кей күндері Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Ал еліміздің оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды деп күтілуде.

    Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлады синоптиктер.

    Ауа температурасы күндіз Қазақстанның батысында 12-17 градусқа дейін, Маңғыстау облысында 18-23 градусқа дейін, республиканың солтүстігі мен орталығында 3-8 градусқа дейін, Ұлытау облысында 15-20 градусқа дейін жылынады.

    Еліміздің шығысында 5-15 градусқа дейін, оңтүстігінде 20-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында 15-23 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →