Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды • Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды • Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты •

    «Осы бақытымнан құдай айырмасын!»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінін айтып мақтанды (ВИДЕО)

    «Осы бақытымнан құдай айырмасын!»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінін айтып мақтанды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар Нұртасты туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол жазбасында ұлы мен келініне деген аналық ақ тілегін жеткізіп, олардың жарасымды отбасы құрып отырғанына қуанышты екенін атап өткен.

    «Бүгін менің кіп-кішкентай жүрекшем Заңғарымның туған күні! Келінім Индиркам екеуі, қол ұстасып, ыстық жанұясында, үлкен әулетті отбасына айналып, ауызбіршіліктері мол болып, үміт арқан ата-ана біздерді бақытқа жеткізсін! 2 жылдан бері бір-біріне қабақ шытыққанын, ұрыс-керістерін көрмедік, көз тимесін! Осы қалыптарынан айнымасын, бұл ана үшін ең үлкен бақыт, осы бақытымнан құдай айырмасын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

    Желі қолданушылары да өнер иесінің ұлына ақ тілектерін жолдап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →