Мектеп маңы көлге айналды: Көкшетауда жаңа аудан тұрғындары су кешіп жүр

Фото: видеодан скрин

Көкшетаудағы IT-мектептің маңындағы жолдың жағдайы тұрғындардың ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода мектепке апаратын көшенің батпаққа айналғаны көрінеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Жаңадан салынған аудан болғанымен, жол да, су ағатын жүйе де толық жасалмаған. Тұрғындардың айтуынша, жауын жауса немесе қар ерісе, бұл жерден өту мүмкін болмай қалады.

Әсіресе мектепке баратын балалар мен ата-аналар үшін жағдай қауіпті болып тұр.

Қала орталығына жақын аумақта мұндай мәселенің шешілмей келе жатқанына халық наразы. Жергілікті билік жаңа үйлерді салуға асыққанымен, инфрақұрылымды реттеуге келгенде баяу қимылдайды деген сын айтылып жатыр.
Тұрғындар бұл мәселе бір күнде пайда болмағанын, бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқанын айтады. Әкімдік тарапынан нақты қашан жөнделетіні туралы ресми түсініктеме берілмеген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика