Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Оқушылар демалысқа кетті: министрлік БЖБ мен ТЖБ-ға қатысты шешім қабылдайды

    Қазақстанда оқушылар көктемгі демалысқа шықты. Ата-аналар шағымынан кейін Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ форматын қайта қарастырады.

    Оқушылар демалысқа кетті: министрлік БЖБ мен ТЖБ-ға қатысты шешім қабылдайды
    file_672.jpg

    Қазақстанда мектеп оқушылары оқу жылындағы ең ұзақ, 10 аптаға созылған үшінші тоқсаннан кейін көктемгі демалысқа шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін, яғни 11 күнге созылады. Оқушылар сабаққа 30 наурызда қайта оралады. Төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады.

    Бұл демалыс ата-аналардың қашықтан оқыту сапасына қатысты шағымдары аясында өтіп жатыр. Қыста сабақтардың жиі тоқтатылуына байланысты көптеген ата-ана оқу үлгерімінің тиімділігіне алаңдаушылық білдірген болатын.

    Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі арнайы жұмыс тобын құрды. Сарапшылар оқушыларға түсетін жүктемені азайтып, білім сапасын арттыру үшін Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) форматын қайта қарастырады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →