Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қоқыс иісі, су басу, тұрақ жоқ: Шымкентте 420 отбасы тұратын кешен проблемадан көз ашпай отыр

    Қоқыс иісі, су басу, тұрақ жоқ: Шымкентте 420 отбасы тұратын кешен проблемадан көз ашпай отыр
    Фото: видеодан скрин

    Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан «Жас Отау Тұлпар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше мәселенің шешілмей келе жатқанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, қоқыс жәшіктері 229/2 үйдің дәл түбіне қойылғандықтан, жағымсыз иіс шығып, санитарлық жағдай қиындаған. Тұрғындар контейнерлерді тұрғын үйлерден алысырақ жерге көшіруді және санын көбейтуді сұрайды.

    Сонымен қатар жаңбыр жауған сайын көпқабатты үйдің жертөлесіне су жиналады. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанғанын айтқан тұрғындар су өтпейтіндей нақты шешім қабылдауды талап етеді.

    Кешенде 420 отбасы тұрғанымен, көлік қоятын орын жеткіліксіз. Тұрғындардың айтуынша, бөлек автотұрақ қарастырылмаған, сондықтан көліктер аулаға тығыз қойылып, қозғалыс қиындап кеткен.

    Бұдан бөлек, Таскесу мен Мұстафа Шоқай көшелерінің қиылысында жол қозғалысы дұрыс ұйымдастырылмаған. Бағдаршам жоқ, көлік көп, ал бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады.

    Тұрғындар бұл мәселелер бойынша құрылыс компаниясына да, 717 байланыс орталығына да хабарласқанын айтады. Алайда әзірге нақты нәтиже жоқ. Үлкен тұрғын үй кешені пайдалануға берілгенімен, инфрақұрылым толық реттелмеген.

    Қала әкімдігі мен жауапты мекемелер мұндай шағымдарға дер кезінде назар аудармаса, жаңа үйлердің сапасына қатысты сұрақ көбейе беретіні анық.

    Видео: @kritika_shymkent

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →