2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдум аясында «Қазақстан»телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті. Оның барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, жастар белсенділігі, жаңа технологиялар, креативті индустрия, спорт және әлеуметтік тақырыптар кеңінен талқыланды.
Марафонда бес негізгі алаң жұмыс істеді.Басты сахнада қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен танымал тұлғалар негізгіпікірталас өткізді.
Ток-шоу алаңында білім беру, креативиндустрия, цифрландыру, жасанды интеллектжәне жастар мәдениетіне қатысты өзектітақырыптар талқыланды. Инновация алаңындаалғаш рет жасанды интеллект жобалары, роботтар, отандық стартаптармен IT өнімдеркөрсетіліп, голограмма шоу арқылы ЖИ бағытындағы жаңа бастамалар көрерменназарына ұсынылды. Орталықкоммуникациялар алаңында республикалықреферендумның өту барысына қатысты ресмиоргандар өкілдерімен сарапшылар әр екі сағатсайын тікелей эфирде пікір білдірді. Алэкспресс-камера алаңында журналистерқатысушылармен көрермендерден блиц-сұхбаталып, азаматтардың шараға қатысты көзқарасы, көңіл-күйімен, азаматтық ұстанымын жеткізді.
Марафонның ерекше бөлімі инновация алаңы алғаш рет ұйымдастырылып, жасанды интеллект, робот техникасы және отандық стартап жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл алаңда Aleem ағылшын тілін үйрету қосымшасының авторы, адам ағзасына салынуы мүмкін механикалық жүрек, ДЦП диагнозы бар адамдарға арналған арнайы арба, майтабан диагнозын анықтайтын «ақылды» ұлтарақ секілді жобалар таныстырылды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруге арналған роботтары және автономды жұмыс істейтін робот иттер, шахтерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Mainsafe» смарт-қолғапсияқты жаңашыл шешімдер көрсетілді.
Ток-шоу алаңына мемлекет және саясат қайраткерлері, сарапшылар мен қоғам белсенділерін жинады. Қатысушылар менкөрермендер үшін маңызды тақырыптарталқыланды. Олардың қатарында Қазақстандағыжасанды интеллекттің дамуы, киберспорт, инклюзивті қоғам, әйелдердің құқықтарыменбалалардың қауіпсіздігі, креативті индустрия, патриотизм және волонтерлік секілді өзектімәселелер болды.
Халықаралық байланыс аясында АҚШ, Ресей, Бельгия, Қытай, Түркиядан және еліміздің аймақтарынан меншікті тілшілер тікелейқосылып, қазақстандықтардың референдумға қатысу барысы мен халықаралық аудиторияның пікірін жеткізді.
Онлайн марафон отандық бұқаралық ақпарат құралдарының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей көрсетілді. «Референдум – 2026» арнайы Telegram арнасы да жұмыс істеп, көрермендер шараның онлайн нұсқасына қосылды.
Наурызнама онкүндігінің бірі – Қайырымдылық күні аясында, «Қайырымды жан» номинациясының жеңімпаздары марапатталды. Олардың қатарында: Ақмолаоблысы Үлгілі ауылының тұрғыны ЕрланТоқсанбаев өрт кезінде бес баланы аман алыпқалып, адамға жанашырлық пен ерліктің жарқынүлгісін көрсетті. Сонымен қатар, экологиялықмәдениетті қалыптастыруға үлес қосып жүргенэкоактивист Тимур Хасенов Алма-Арасанаумағында апта сайын сенбілік ұйымдастырып, үш жыл ішінде 22 тоннадан аса қоқыс жинаған.Ал, Павлодар облысының тұрғыны БауыржанЖақыпов қос аққуды құтқарып, жануарларғадеген қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, әлеуметтікжелі қолданушыларыныңық ыласына бөленді.
Онлайн марафон шарасына екі мыңнан асаадам қатысты. Олардың қатарындасаясаткерлер, қоғам қайраткерлері, өнер және спорт өкілдері, жас ғалымдар мен өнертапқыштар болды. Еліміздің негізгі 3 мегаполисі, 17 өңірінен 168 аудан, 86 қала референдумға арналған ауқымды марафонды онлайын тамашалады. Жаңа Конституцияны қолдап, 10 миллионнан аса азамат дауыс берді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Соның ішінде шет мемлекеттерде жүрген 10 мың адам дауыс беруге қатысқан.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының пресс-орталығы сайлау учаскелері бойынша барлық ресми ақпараты жүйелі түрде жариялап отырды. Ал республикалық референдум аяқталған соң, онлайн марафонда алғашқы exit-poll мәліметтері жарияланды.
