Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды •

    Референдум қорытындысы: Қазақстандықтардың 87%-ы Конституцияны қолдады

    Қазақстанда өткен республикалық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Экзитпол нәтижесіне сәйкес, халықтың 87%-ы жаңа Конституцияны қолдады.

    Референдум қорытындысы: Қазақстандықтардың 87%-ы Конституцияны қолдады
    file_651.jpg

    Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум аяқталып, алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілетін түзетулерді қолдаған. Мәселен, алғашқы экзитпол қорытындысы бойынша, референдумға қатысушылардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деген жауапты таңдаған.

    Ал «Социс-А» зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бұдан да жоғары көрсеткішті көрсетті.

    «Сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді», — делінген зерттеу қорытындысында.

    Ресми деректер бойынша, жалпыхалықтық дауыс беруге ел азаматтарының 75,3%-ы қатысып, белсенділік танытқан.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →