Сайлау: Алматы артта қалып, Қарағанды облысы алға шықты

Қазақстанда өтіп жатқан сайлауда таңғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2,3 миллионнан астам адам өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясы ұсынған бұл дерек жалпы сайлаушылардың 19,21%-ын құрайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, ең жоғары белсенділік Қарағанды облысында тіркелді – мұнда сайлаушылардың 26,64%-ы дауыс беріп үлгерген. Одан кейінгі орындарда Қызылорда (24,02%) және Ақтөбе (21,80%) облыстары тұр.

Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласында сайлаушылар белсенділігі айтарлықтай төмен. Мұнда азаматтардың небәрі 9,54%-ы ғана сайлау учаскесіне келген. Сондай-ақ Павлодар облысында да дауыс беру қарқыны баяу – 16,36%.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер төмендегідей:
• Абай облысы — 17,98%
• Ақмола облысы — 19,82%
• Алматы облысы — 18,10%
• Атырау облысы — 19,44%
• Батыс Қазақстан облысы — 18,80%
• Жамбыл облысы — 18,49%
• Жетісу облысы — 21,01%
• Қостанай облысы — 19,24%
• Маңғыстау облысы — 18,53%
• Солтүстік Қазақстан облысы — 18,72%
• Түркістан облысы — 21,21%
• Ұлытау облысы — 20,31%
• Шығыс Қазақстан облысы — 20,64%
• Астана қаласы — 20,68%
• Шымкент қаласы — 21,36%.

Сайлаушылардың белсенділігі туралы келесі ақпарат сағат 12:00-де жарияланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика