Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Атырауда автобус жоқ: Береке тұрғындары аялдамада сағаттап тұр

    Атырауда автобус жоқ: Береке тұрғындары аялдамада сағаттап тұр

    Атырау қаласындағы Береке шағын ауданының тұрғындары қоғамдық көліктің тұрақсыз жүретініне шағымданды. №15 бағыттағы автобус кей уақытта мүлде келмей, адамдарды аялдамада ұзақ күтуге мәжбүрлейді. Әсіресе мектептен қайтқан балалар мен егде жастағы тұрғындарға суықта тұру қиын болып отырғанын жергілікті халық айтып отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындардың сөзінше, автобус жақын маңда болғанымен, кейде белгіленген бағытпен жүрмей кетеді. Соның салдарынан адамдар жұмысына, оқуға кешігеді. Аялдамада ондаған адам жиналып тұрса да, қоғамдық көлік уақытында келмейді.

    Береке тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтергенін айтады. Алайда жауапты мекемелер тарапынан нақты нәтиже жоқ. Қалада жаңа шағын аудандар көбейгенімен, көлік қатынасы соған сай ұйымдастырылмағаны сынға алынды.

    Жергілікті халық әкімдік пен тасымалдаушы компаниядан автобус қозғалысын реттеуді талап етті. Қоғамдық көлік дұрыс жүрмесе, жаңа аудандарды салудың өзі тұрғындарға қиындық әкелетінін айтады.

    Видео: atyrau.today06

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →