Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Астанада бір күнде 180-нен астам жол апаты тіркелді

    Астанада бір күнде 180-нен астам жол апаты тіркелді

    Астана қаласының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қатты боран мен ауа райының күрт нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ресми дерекке сәйкес, елордада 180-нен астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

    Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстау, күрт маневр жасамау және көлік тізгінінде барынша мұқият болу қатаң ескертілді.

    Сонымен қатар, көшелерді тазалау мен қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатқан коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеу маңызды екені айтылды.

    Полиция департаменті жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге, жол жағдайын мұқият бақылауға және сақ болуға кеңес берді.

    Қолайсыз ауа райына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпау және аса қажет болмаса сыртқа шықпау ұсынылды.

    Ведомство барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

    Синоптиктердің болжамынша, бейсенбі күні Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақыттарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, екпіні 23–28 метрге дейін күшейеді.

    Түнде кей тұстарда желдің жылдамдығы 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →