Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар •

    Семейде жаңа асфальттың кесірінен үйлерді су басты

    Семейде жаңа асфальттың кесірінен үйлерді су басты

    Семей қаласындағы Комсомол кентінде қар суы мен жаңбыр суы тұрғын үйлердің ауласына жиналып, халықтың жүріп-тұруына кедергі келтіріп отыр. Янушкевич көшесі, 23/1 мекенжайында түсірілген видеода аула ішін су басып, тұрғындардың үйден шығуы қиындағаны көрінеді.

    Тұрғындардың айтуынша, мәселе жолға жаңа асфальт төселгеннен кейін басталған. Жол деңгейі ауладан биік болып кеткендіктен, барлық еріген қар мен жаңбыр суы тікелей үйлердің маңына жиналады. Алайда бұл жерде су ағатын арнайы арық та, құбыр да қарастырылмаған.

    Салдарынан адамдар жұмысқа бару үшін де, балаларын мектепке апару үшін де суды кешіп өтуге мәжбүр. Тұрғындар мәселені өз күшімізбен шешейік десе, жолды бұзуға болмайды деп ескерту жасалғанын айтады.

    Жергілікті халық бұл жағдайға қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтердің салғырттығын кінәлап отыр. Олардың сөзінше, жол салынғанда су бұру жүйесі мүлде ойластырылмаған, ал шағым айтылғанымен мәселе әлі шешілмеген.

    Қазір аулаға жиналған су көбеймесе азаймай тұр. Тұрғындар әкімдіктен сапасыз жасалған жұмысты тексеріп, су ағызатын жүйені шұғыл түрде жасауды талап етеді.

    Видео: oo_osa_semey_vko

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →