Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді •

    1968 жылғы шіріген құбыр жарылып, Шымкентте жол опырылды — әкімдік ескі жүйені әлі ауыстырмаған

    1968 жылғы шіріген құбыр жарылып, Шымкентте жол опырылды — әкімдік ескі жүйені әлі ауыстырмаған

    Фото: видеодан скрин

    Шымкент қаласындағы Қамысты көшесінде диаметрі 1000 мм болатын кәріз құбыры жарылып, жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Апатқа себеп болған құбыр 1968 жылы салынғаны белгілі болды. Желі әбден тозғанына қарамастан, коммуналдық жүйені уақытында жаңартпаған жауапты мекемелер тағы да сынның астында қалды.

    Оқиға орнында асфальт жабындысы шөгіп, жол уақытша қоршауға алынған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын «Су ресурстары маркетингі» ЖШС жүргізіп жатыр. Алайда тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай қалада жиі қайталанады, ал ескі инфрақұрылымды ауыстыру мәселесі жылдар бойы кейінге шегеріліп келеді.

    Сарапшылардың пікірінше, өткен ғасырда салынған құбырларды уақытында жаңартпаудың салдары енді анық көріне бастады. Қалада жаңа нысандар көбейгенімен, жер астындағы жүйе сол күйі қалған. Осыған байланысты жұртшылық Шымкент әкімдігін коммуналдық желілерді толық жаңартуға неге нақты қадам жасамайды деп сынға алуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →