Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстанда кейбір такси жүргізушілеріне тықыр таянды

    Қазақстанда кейбір такси жүргізушілеріне тықыр таянды

    Фото: pervoe-taxi.ru

    Бұдан былай қалааралық тасымалдау кезінде жүргізушілер еңбек ету және демалу режимін бақылау құралын міндетті түрде қолдануы керек. Мұндай маңызды жаңалықты Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап ретінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    – Ішкі істер және Көлік министрліктері 2023-2027 жылдарға арналған бірлескен «Жол картасын» бекітті. 2024 жылы осы карта аясында ІІМ, КМ, «Яндекс. Такси» ЖШС және «Inservice» ЖШС («inDrive») ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, – деді Роман Скляр.

    Оның сөзінше, құжат оң жақ рөлді автомобильдердің такси қызметтерінен кезең-кезеңімен алып тастауды, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға ынталандыратын әртүрлі жүйені енгізуді және басқа да мәселелерді қамтып отыр. Қазіргі уақытта бірлескен жұмыс нәтижесінде рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан аса көлік құралына интернет-платформаларға қолжетімділік шектелген.

    – Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында заңнамалық түзетулер дайындалды, – деп қоса кетті ол.

    Вице-премьер оны да мысалға келтірді.

    Олар:
    – оң жақтағы рөлі ауыстырылған көлік құралдарын такси ретінде пайдалануға тыйым салу;
    – қалааралық тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимін бақылау құралдарын міндетті түрде қолдану;
    – тасымалдаушылардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша интернет-агрегаторларының міндеттерін белгілеу;
    – таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметінің жұмысына рұқсат беру тәртібін енгізу.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →