Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

    Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

    Фото: ҰОК

    Жалпы жүлде қоры 9,4 млн АҚШ долларынан асатын турнир 15 наурызда мәресіне жетеді. Қазақстандық теннисші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алғашқы айналымда қазақстандық спортшы 2022 жылы әлемдік рейтингте 2-орынға дейін көтерілген, қазіргі таңда 106-сатыда тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездесті. Бұған дейінгі бес матчтың төртеуінде Бадоса басым түскен еді.

    Үшінші айналымға шығу үшін Путинцева әлемнің 17-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →