Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев жаңа мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті • Астанада 500 метр жол салуға бюджет жетпей ме? Нұра ауданының тұрғындары батпақ кешіп жүр • «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған ақын: Міржақып Дулатовтың туғанына 141 жыл • «Қазақмыс» минералдық-шикізат қорын толықтыру үшін цифрлық технологияларды енгізуде • Мұнай бағасын төмендеткен: Эр-Риядта қаржы орталығына шабуыл жасалды • Мәсімовтің экс-күйеу баласы Қапенов Тоқаевтан істі ҰҚК-ке беруді сұрады • Тоқаев жаңа мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті • Астанада 500 метр жол салуға бюджет жетпей ме? Нұра ауданының тұрғындары батпақ кешіп жүр • «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған ақын: Міржақып Дулатовтың туғанына 141 жыл • «Қазақмыс» минералдық-шикізат қорын толықтыру үшін цифрлық технологияларды енгізуде • Мұнай бағасын төмендеткен: Эр-Риядта қаржы орталығына шабуыл жасалды • Мәсімовтің экс-күйеу баласы Қапенов Тоқаевтан істі ҰҚК-ке беруді сұрады •

    Рудныйдағы сұмдық: жүргізуші артқа жүріп, екі жасар сәбиді қағып кетті

    Рудный қаласында "ГАЗель" көлігі артқа жүріп, екі жасар қызды қағып мерт қылды. Оқиғаны көрген сәбидің анасы есінен танып қалған.

    Рудныйдағы сұмдық: жүргізуші артқа жүріп, екі жасар сәбиді қағып кетті
    file_611.jpg

    Рудный қаласында екі жасар қыз бала тұрғын үй ауласында көлік астына түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиғаға куә болған анасы есінен танып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға 3 наурыз күні сағат 12:30 шамасында 50 лет Октября көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүргенде кішкентай қызды байқамай қағып кеткен.

    Сол сәтте қыздың жанында болған бес жасар ағасы аман қалған. Ол көліктің астынан сытылып үлгерген. Балаларының көлік астына түскенін өз көзімен көрген анасы сол жерде есінен танып құлаған. Оны жедел жәрдем алып кетті.

    Қостанай облыстық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегін растады.

    «Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Полиция жүргізушілерге тұрғын үй аулаларында, әсіресе артқа қарай жүргенде аса мұқият болу керегін ескертті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →