Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Тоқаев әскери әрекеттерді қатаң айыптады: Араб елдеріне үндеу жолдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт басшыларына арнайы үндеу жолдап, әскери әрекеттерді айыптады.

    Тоқаев әскери әрекеттерді қатаң айыптады: Араб елдеріне үндеу жолдады
    file_606.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт басшыларына арнайы үндеу жолдап, қиын-қыстау кезеңде бауырлас халықтарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы Қазақстан үшін достас әрі бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген әскери әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

    «Біздің еліміз кез келген күрделі халықаралық мәселені және қарулы қақтығысты тек дипломатиялық жолмен шешуді табанды түрде жақтайды», – делінген Президент жолдауында.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас араб елдеріне шамасы келгенше көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді. Ол аталған елдердің жоғары басшыларымен тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →