Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті

    Пәкістан Ауғанстан астанасына жойқын соққы берді (ВИДЕО)

    Пәкістан Ауғанстан астанасына жойқын соққы берді (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Пәкістан 27 ақпанға қараған түні Ауғанстанның бірнеше қаласына шабуыл жасады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның ішінде ел астанасы Кабулға әуеден және жерден әскери соққы жасалды.

    Шабуылдар тәліптердің шекара бойындағы бекіністеріне, штаб-пәтерлеріне және оқ-дәрі қоймаларына бағытталған. Сонымен қатар, Пәкістан әскери ұшақтары Кандагар провинциясындағы әскери базаға да соққы жасады.

    Пәкістанның қорғаныс министрі Ходжа Асиф бұл әрекетті ауған күштерінің шекарадағы шабуылдарына жауап ретінде мәжбүрлі әрекет деп атады.

    «Пәкістан өткенде ауған халқына қолдау көрсеткен. 50 жыл ішінде бес миллион ауғандықты қабылдадық. Бірақ шыдамымыз таусылды. Енді ашық соғыс басталды» – деді ол.

    Исламабадтың мәліметінше, шабуылдар нәтижесінде 133 ауған содыры жойылып, тоғыз тәліптік позиция басып алынды, 27 позиция толық жойылды.

    Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид Пәкістанның соңғы шабуылдарына жауап ретінде Кандагар мен Гельмандтағы Пәкістан әскери базаларына соққы бастағанын хабарлады. Қақтығыс салдарынан 10 пәкістандық сарбаз қаза тауып, 13 бекініс басып алынды.

    Кабул тарапынан бұл шабуылдар Пәкістанның шекарадағы ауған позицияларына жасаған соңғы әрекеттеріне жауап ретінде бағаланып отыр.

    Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы 2 611 шақырымға созылған ортақ шекарадағы қатынастар қазан айында екі тараптан 70-тен астам адамның қаза болуы нәтижесінде күрт нашарлаған. Исламабад Кабулды ауған территориясында қарулы топтардың Пәкістанға шабуыл дайындауына рұқсат бергені үшін айыптады.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от JANBÝR (@janbyr_qazaqstan)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →