Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды •

    Талдықорған орталығында халық шұрық-тесік жолдан көз ашпай отыр

    Талдықорған орталығында халық шұрық-тесік жолдан көз ашпай отыр

    Талдықорған қаласының қақ ортасындағы аулалардың бүгінгі көрінісі көңіл көншітпейді. Біржан сал көшесі бойындағы 60, 62, 66-үйлердің тұрғындары жылдар бойы шешілмеген мәселеден қажыған. Аулаға кіру мұң. Асфальт әбден тозған, ой-шұңқыр көбейген. Жаңбыр жауса болды — айнала батпақ пен көлшікке айналады. Көліктердің астыңғы бөлігіне зақым келу қаупі күн сайын артып отыр.

    Мәселе мұнымен шектелмейді. Тұрғындардың айтуынша, такси жүргізушілері көліктерін кіреберіс тұсына және тар өткелдің бойына бейберекет қалдырады. Соның салдарынан адамдар өз үйіне не көлікпен кіре алмайды, не қалыпты түрде тұрақ қоя алмайды. Аула — тұрғындардың меншігіндегі аумақ. Алайда іс жүзінде ол ретсіз автотұраққа айналған.

    Ең сорақысы — бұл жағдай қала орталығында орын алып отыр. Тұрғындар артық ештеңе талап етпейді: жолды жөндеу және тұрақ мәселесін тәртіпке келтіруді сұрайды. Қарапайым инфрақұрылымды реттей алмаған әкімдік ертең ауқымды жобаларды қалай жүзеге асырмақ? Орталықтағы бірнеше үйдің мәселесін шеше алмаған жауапты органдар шет аймақтарға қандай үлгі көрсетеді?

    Видео: @taldykorganec_kolesa

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →