«Әкесі де қысым жасады»: Алматыда зорланған қыздың жағдайы мәлім болды

Алматыда 13 жастағы жасөспірімді әкесінің АИТВ жұқтырған танысы зорлағаны анықталды. Ол кезде анасы қамауда болғандықтан, бұл сұмдық жайттан алты ай өткен соң ғана хабардар болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің адвокаты Ләззат Рақышеваның айтуынша, осы уақытқа дейін жасөспірімге ешқандай психологиялық көмек көрсетілмеген.

«Қызға күдіктінің туыстары мен адвокаттары ғана емес, тіпті өз әкесі де психологиялық қысым көрсеткен», – деді құқық қорғаушы.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика