«Шетелдік өнімнен кем емес»: Министр отандық өнімді мақтады

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық ірімшік шетелдік өнімнен кем емес. Мұны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде ел нарығында сатылып жатқан ірімшіктің 58 пайызы – отандық өндіріс. Яғни ішкі сұраныстың жартысынан көбі өз өнімімізбен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Министр алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу екенін айтты. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

«Адамдар дәмі мен бағасына қарай өзі таңдайды. Бірақ сапа жағынан біздің ірімшік шетелдік өнімнен еш кем емес», – деді ведомство басшысы.

Дегенмен әлеуметтік желіде жұрт баға мәселесін жиі көтереді. Егер отандық өнім сапа мен құн жағынан шынымен бәсекеге қабілетті болса, онда тұтынушы таңдауы да соған қарай ауысуы мүмкін.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика