Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Егістігін киік таптаған шаруалардың шығыны өтеле ме?

    Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев киік санының көбеюінен шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлеу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    «Заңнамалық база болмаса, ешқандай көмек бере алмаймыз. Қазір нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Экология және табиғи ресрурстар министрлігімен ақылдасып, жауапкершілікті бөліп реттемекшіміз» – деді министр.

     

    Оның сөзінше, заңнамаға түзету енгізілмесе, шаруаларға киіктен қомақты шығын келгеннің өзінде өтемақы төлеу мүмкін емес.

    Айта кетейік, елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты.

    Бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин киіктің санының көбеюінен шығынға батқан шаруалар мәселесін көтерген еді.

     

    «Киіктің киесінен қорқып, жануарға жанашырлықпен қарайтын қазақ үшін обал-сауаптың орны ерекше. Алайда бүгінгі күні жағдай мүлде басқаша болып тұр. Себебі киік санының күрт көбеюі шаруашылыққа жайлы болып тұрған жоқ. Соңғы мәліміттерге сәйкес киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90 пайызы Қазақстанның батысына тиесілі. Негізінде, салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржы желге ұшады», — деді Зейнуллин.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →