Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Шымкентте 4 адамды алдап кеткен алаяқ Антальяда ұсталды: шығын – 95 млн

    Түркияда жасырынған қазақстандық азамат елге экстрадицияланды. Ол Шымкентте төрт адамды 95 миллион теңгеге алдап кетті деп айыпталуда.

    Шымкентте 4 адамды алдап кеткен алаяқ Антальяда ұсталды: шығын – 95 млн
    file_551.jpg

    Түркиядан Қазақстанға 100 миллион теңгеге жуық қаржыға алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Оны елге жеткізу операциясын Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2019-2020 жылдары Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, олардың ақшасы мен жер телімдерін иемденіп кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 95 миллион теңгеге жуықтайды.

    «Азаматтардың мүлкін иемденіп алған соң, ол заңды жауапкершіліктен жалтару үшін елден бой тасалаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    Кейін күдікті Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы негізінде Отанына қайтарылды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынды.

    Оған тағылған айыптар бойынша Қылмыстық кодексте мүлкін тәркілеумен қатар, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Фото: ҚР БП баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →