Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Америкалық Mars компаниясы Қазақстанға 180 млн доллар инвестиция салады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының басшысымен кездесті. Америкалық компания Алатау қаласында зауыт салуға 180 млн доллар инвестиция құяды.

    Америкалық Mars компаниясы Қазақстанға 180 млн доллар инвестиция салады
    file_531.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен америкалық компания арасында шамамен 180 миллион долларға инвестициялық келісімге қол қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы бұл оқиғаны стратегиялық маңызы зор серіктестіктің бастамасы деп атап, қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.

    Жаңа жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық-түлік шығаратын зауыт салады. Бұл өндіріс орны агроөнеркәсіптік шикізатты терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.

    «Біз өзара тиімді инвестициялық келісімді жүзеге асыруға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз. Бұл бастама Mars үшін Орталық Азия мен көршілес аймақтарда өндіріс пен сату нарығын кеңейтуге арналған тамаша платформа болады», – деді Пол Вайраух.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →