Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Қырғызстан Республикасы ҰҚМК

Енді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметін Жумгалбек Шабданбеков атқарады.Тиісті жарлыққа ел Президенті Садыр Жапаров қол қойған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

16 ақпан күні Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жумгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдаған.

10 ақпанда 5 жылдан аса Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды.

Қамшыбек Тәшиевтен кейін төрағаның 3 орынбасары да бірден орнынан кетті.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров бірнеше күннен соң досы, Қамшыбек Тәшиевпен бетпе-бет кездескенін растаған еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика