Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Хабиб Ресейден кетті: Мемлекеттік Дума спортшыға қатысты мәлімдеме жасады

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Ресейдегі барлық бизнесін тоқтатып, БАӘ-ге инвестиция салды. Депутат оның бұл әрекетін заңды деп атады.

    Хабиб Ресейден кетті: Мемлекеттік Дума спортшыға қатысты мәлімдеме жасады
    file_506.jpg

    Аралас жекпе-жектен UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Ресейдегі барлық бизнесінен бас тартып, инвестициясын Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл шешім Ресейде біраз талқылау тудырды. Осыған орай Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Ирина Роднина спортшының әрекетінен ешқандай заң бұзушылық көрмейтінін айтты.

    «Ол – еркін адам. Кез келген елде бизнеспен айналысуға толық құқығы бар. Егер ол Ресей Федерациясының азаматы ретінде барлық салықты төлеп жатса, ешқандай мәселе жоқ», – деді депутат.

    Хабиб Нұрмагомедовтың БАӘ-дегі жылдық табысы шамамен 46 миллион долларға бағаланып отыр. Спортшы бұл елде түрлі бизнес жобаларды, соның ішінде спорттық тамақтану және фитнес саласын дамытуды қолға алған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →