Қонаевтың жиені өмірден озды: ол атағын пайдаланудан саналы түрде бас тартқан

Қазақстанның энергетика саласына еңбегі сіңген қайраткер, Дінмұхамед Қонаевтың жиені Алтай Қадыржанов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Алтай Қамалұлы – елге белгілі тұлғаның туысы болғанына қарамастан, мансап жолында ешқандай артықшылықты пайдаланбаған. Ол өзінің беделін тек қажырлы еңбегі мен білімінің арқасында қалыптастырған.

Д.А. Қонаев атындағы қор оның еліне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Оның басшылығымен негізгі энергетикалық нысандар дамыды, жылу және электрмен жабдықтаудың жүйелі шешімдері қалыптасты, еліміздің болашағы үшін сенімді база құрылды. Алтай Қамалұлы тек инженер және басшы ғана емес, сонымен қатар ой-өрісі кең, ең қиын жылдарда мәдениетті, ғылымды және ұлттық бастамаларды қолдаған меценат еді», – делінген қордың хабарламасында.

Алтай Қадыржанов өмірінің соңына дейін ел игілігі үшін қызмет етті. Ол КСРО-ның құрметті энергетигі атағына ие болған және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика