Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: ірі қалаларда ауа райы күрт өзгереді

    Синоптиктер Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнде ауа райының қандай болатынын болжады. Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарын не күтіп тұр?

    Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: ірі қалаларда ауа райы күрт өзгереді
    file_481.jpg

    Синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мегаполистерде жауын-шашын, көктайғақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Астана

    15 ақпанда елордада жауын-шашынсыз, ашық күн болады. Түнде ауа температурасы -21…-23 градусқа дейін төмендесе, күндіз -6…-8 градусқа дейін жылиды.

    16 ақпанда ауа райы күрт өзгереді. Күндіз қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде сынап бағанасы -10…-12 градусты көрсетсе, күндіз 0…-2 градус аралығында болады.

    17 ақпанда жауын-шашын тоқтайды, бірақ екпінді жел сақталады. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, ал күндіз 0 градус шамасында болады.

    Алматы

    15 ақпанда Алматыда түнде қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде -2…-4 градус суық болса, күндіз ауа +5…+7 градусқа дейін жылиды.

    16 ақпанда да жауын-шашын сақталады: түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде -1…+1 градус, ал күндіз +9…+11 градусқа жетеді.

    17 ақпанда қалада жаңбырлы ауа райы жалғасады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +10…+12 градус жылы болады.

    Шымкент

    15 ақпанда Шымкентте жауын-шашынсыз, бірақ түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+4 градус, күндіз ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін көтеріледі.

    16 ақпанда күн бұзылып, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +13…+15 градус болады.

    17 ақпанда да жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде +6…+8 градус, күндіз +12…+14 градус жылы болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →