Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Тарихи алтын алған Шайдоровты Тоқаев «Барыс» орденімен марапаттады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы Олимпиадада тарихи алтын алған Михаил Шайдоровты құттықтап, оны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

    Тарихи алтын алған Шайдоровты Тоқаев «Барыс» орденімен марапаттады
    file_469.jpg

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды құттықтап, оның ерен еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент бұл жетістікті отандық спорт тарихындағы жаңа белес деп бағалады. Өйткені бұл – еліміздің мәнерлеп сырғанаудан алған тұңғыш Олимпиада алтыны.

    Спортшының жеңіске деген жігері мен асқан шеберлігін жоғары бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы чемпионның жаттықтырушыларына және жауапты министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, бұл жеңісті бүкіл Қазақстан халқы мақтан тұтатынын жеткізді.

    Сөз соңында Президент Олимпиада чемпионына жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →