Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирра Андреева Елена Рыбакинамен айырмасын 1393 ұпайға қысқартты • Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Мирра Андреева Елена Рыбакинамен айырмасын 1393 ұпайға қысқартты • Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды •

    Маңғыстауда Бельгиядан келген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды: Себебі неде?

    Маңғыстау облысындағы Құрық портында Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды. Мамандар жүктің маңызды құжаты болмағанын анықтады.

    Маңғыстауда Бельгиядан келген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды: Себебі неде?
    file_460.jpg

    Маңғыстау облысындағы Құрық портында Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт Қазақстан аумағына кіргізілмеді. Бұған өнімнің фитосанитариялық сертификатының болмауы себеп болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Заңбұзушылықты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары анықтаған. Жүк Құрық портына келіп түскен кезде тексерістен өткізілген.

    «Құжаттарды тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімдерге міндетті саналатын фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені белгілі болды», — делінген ресми хабарламада.

    Осыған байланысты импорттаушы компанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар жүктің барлық партиясын Бельгияға кері қайтару туралы акт рәсімделді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →