Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Қазақстанда қызылша қаупі: Екпе алмаған балалар жаппай ауыра бастады

    Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам қызылша жұқтырды. Ауру негізінен екпе алмаған бес жасқа дейінгі балалар арасында тарап жатыр.

    Қазақстанда қызылша қаупі: Екпе алмаған балалар жаппай ауыра бастады

    Жыл басынан бері Қазақстанда 2 мыңға жуық адамнан қызылша анықталды, ауырғандардың басым бөлігі – екпе салдырмаған бес жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызылшамен сырқаттану 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген. Алайда, биылғы жылдың басынан бері 1951 жағдай тіркеліп отыр. Ауру ең көп тараған өңірлер – Астана мен Алматы қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстары.

    «Ауру жұқтырғандардың негізгі бөлігін бес жасқа дейінгі балалар құрайды, олардың арасында вакцинациядан бас тартуға байланысты екпе салдырмағандар басым», — делінген Үкімет хабарламасында.

    Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Отырыста ауру деңгейі жоғары өңірлер әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.

    Жиында профилактикалық егумен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірқатар өңірде, әсіресе Маңғыстау облысында вакцинаның негізгі түрлері бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмай отырғаны белгілі болды.

    Отырыс қорытындысы бойынша әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтарға қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайды күнделікті талдау, алғашқы медициналық-санитарлық буында атаулы жұмысты күшейту және халық арасында иммундаудың маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →