Шымкент жол шетінде жаппай төбелеске қатысқандарға қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жүргізушілер арасындағы жол үстіндегі келіспеушілік соңы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап, қоғамдық талқыға түсті. Кадрлардан бір топ ер адамның жолдың қақ ортасында бір-біріне жұдырық ала жүгіргенін көруге болады.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Құзырлы органның хабарлауынша, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, дереу ұсталған.

«Жол үстінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы жедел анықталып, ұсталды. Жолдағы кикілжің жаппай төбелеске ұласқан. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Фото: Видеодан скриншот

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика