«Кекірейіп отыр, өркөкірек»: Қарақат Әбілдинаның тойдағы әрекеті көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр
Танымал әнші Қарақат Әбілдина тойдағы әрекетімен елдің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Ол жолдасы Қыдырәлі және Мақпал Жүнісовамен бір дастархан басында отырған.
Оларға Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын келіп амандасты. Қыдырәлі мен Мақпал ханым орнынан тұрып, құшақтап амандасса, Қарақат отырған күйі бетінен сүйген.
Жұрт үлкен басымен орнынан тұрып сәлем берген Мақпал Жүнісованың тектілігіне тәнті болды. Ал Қарақатты өр көкірек, тәкаппар деп айыптауда.
«Қарақат Мақпал болу үшін қайта туып келсін», «Қарақат Мақпалдан біраз нәрсені үйренуі керек», «Мақпал апай орнынан тұрып амандасып жатыр», «Адам өнерін емес, алдымен тәрбиесін көрсетуі керек», «Былшыйып отырғой жолдасы тұрып амандасты. Мақпал әпкеге сөз жоқ, өмірі ұзақ болсын!», «Мақпал апайдың кішіпейілділігі мен тектілігі қандай керемет», «Қарақаттарың кекірейіп отырғой өз деңгейін көрсетіп», «Ұлық болсаң кішік бол деген, Қарақаттыкы дұрыс емес», «Қарақат көкіректеніп отыр», — деп жазды оқырмандар.
@uiat.emes♬ Жақсы адамдарым — Қарақат Әбілдина

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика