Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды • Қазақстан су добынан Азия ойындарының күмісін жеңіп алды • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды • Қазақстан су добынан Азия ойындарының күмісін жеңіп алды •

    Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, 20 млн теңге талап еткен бандит ұсталды

    Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, 20 млн теңге талап еткен бандит ұсталды

    Фото: istockphoto.com

    Шымкентте кәсіпкерлердің бірін қорқытып, 20 млн теңге талап еткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеру ұйымдастырып», бизнесін жаптырамын деп қорқытқан.

    Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.

    Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    «Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →