Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды •

    Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық шектелетін болды

    Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық шектелетін болды

    Биыл 9 ақпаннан бастап «Астана – Павлодар» автомобиль жолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі. Оған қыс мезгілінде жол апатының көбейгені себеп болып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақпаратынша, қыста ауа райының қолайсыздығынан жол апатының көбейгеніне байланысты Ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдаған.

    «Осы шешімге сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап «Астана – Павлодар» автомобиль жолында көліктер үшін белгіленген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетіледі. Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие», — деп атап өтті компания.

    Ал көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

    ҚазАвтоЖол жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол белгілерінің талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ қыста жолда аса мұқият болуға шақырды.

    Фото: pavon

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →