Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақтөбеде 14 жастағы оқушы мектепте босанып қалған

    Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны зорлаған 64 жастағы зейнеткер 21 жылға сотталды. Дәрігерлер қыздың жүктілігін үш рет байқамаған.

    Ақтөбеде 14 жастағы оқушы мектепте босанып қалған
    file_367.jpg

    Ақтөбе облысының Ойыл ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлап, азғындық жасаған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Жәбірленуші 9-сынып оқушысы сабақ үстінде босанған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға өткен жылдың 13 қазанында болған. 9-сынып оқушысының толғағы мектепте, сабақ кезінде басталған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқушы қыз осыған дейін үш рет медициналық мекемеге қаралғанымен, дәрігерлер оның жүктілігін байқамаған.

    Бұл қылмысқа күдікті ретінде қыздың туған нағашы әжесінің күйеуі бірден ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігі («Бірнеше рет жасалған зорлау») және 124-бабының 3-бөлігі («16 жасқа толмаған адамға қатысты бірнеше рет жасалған азғындық әрекеттер») бойынша айып тағылды.

    «3 ақпанда оған үкім шықты – 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның зейнеткерлік жасын ескерді. Әйтпесе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді», — деп түсіндірді Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Алтынбек Сабыров.

    Сотталған азамат жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →