Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады •

    «Құлагерім құлағалы қырық күн»: Асанәлі Әшімовтың әйелі әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

    «Құлагерім құлағалы қырық күн»: Асанәлі Әшімовтың әйелі әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

    Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жазба жариялады. Марқұмның жары өзінің жан жарасы мен сағынышын өлең шумақтары арқылы жеткізген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    “Жан бөлек. Жан бөлек!!! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

    Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
    Батырым айбалталы бөзге оранды.
    Қырық күн құлағалы құлагерім,
    Уақыт, емші екенсің, жаз жарамды.
    Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
    Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
    Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
    Алысқан адамдаймын дертімменен”, — деп жазды ол.

    Желі қолданушылары Бағдат Әшімованы жұбатып, жылы лебіздерін жазуда.

    ”Алла жылаған көзге жас береді. Сабыр ет, қалқам”, “Ағамыздың мәңгілің мекені жәннәт болсын. Сізге ризамыз”, “Бекем болыңыз, кіші Асекеңді аяққа тұрғызыңыз”, — деп жазды олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →