«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша:
4 ақпанда елордада жауын-шашын болмайды, ауасы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20°С аяз болса, күндіз -3-5°С-қа дейін жылиды.
5 ақпанда күн бұлтты болып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Температура түнде -4-6°С, ал күндіз -1…+1°С шамасында болады.
6 ақпанда да қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа өзгертіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -1…+1°С-ты көрсетеді.
Алматы қаласы бойынша:
4 ақпанда ауыспалы бұлтты болады, түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +6…+8°С жылы.
5 ақпанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Температура түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С-қа дейін көтеріледі.
6 ақпанда күн бұлттанып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С болады.
Шымкент қаласы бойынша:
4 ақпанда күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, ал күндіз +15…+17°С-қа дейін жылиды.
5 ақпанда күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Температура түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С жылы болады.
6 ақпанда мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +2…+4°С-ты құрайды.
