Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады •

    Қылмыстық іс қозғалды: Бурабайда жұмысшы әріптесін атып тастады

    Қылмыстық іс қозғалды: Бурабайда жұмысшы әріптесін атып тастады

    Фото: istockphoto.com

    Бурабайда жергілікті кәсіпорындардың бірінде ер адам әріптесін абайсызда атып алып, салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға жұмыс орнында болған. Қызметкерлердің бірі қаңғыбас иттерді үркіту мақсатында оқ атпақ болып, қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың кесірінен әріптесінің аяғына оқ тигізіп алған.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен азаматтың оқ жарақатымен Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылғанын растады. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты, өміріне төнген қауіп жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Ал Ақмола облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету белгілерімен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп, қолданылған қару сараптамаға жіберілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →