Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте лифт 12-қабаттан құлады: Әйелдің аяғы сынып, омыртқасы зақымданды

    Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде лифт 12-қабаттан құлап, ішінде болған әйел ауыр жарақат алды. Оның аяғы сынып, омыртқасы зақымданған.

    Шымкентте лифт 12-қабаттан құлады: Әйелдің аяғы сынып, омыртқасы зақымданды
    file_338.jpg

    Шымкенттегі Қонаев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінде ішінде әйел адам болған лифт 12-қабаттан төмен құлаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 16 қабатты үйде болған. Лифт белгісіз себептермен кенет төмен қарай қозғалған.

    «16 қабатты тұрғын үй кешенінде 12-қабатта тұрған лифт белгісіз себептермен кенет төмен қарай қозғала бастады. Қауіпсіздік жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде жеделсаты 7-қабаттың тұсында тоқтады», — деп хабарлады ведомство.

    Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар зардап шеккен әйелді лифтіден шығарып алып, ауруханаға жеткізді. Оның табан сүйектері сынып, омыртқасы зақымданғаны анықталды. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

    Полиция бұл дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.

    «Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады», — деп түсініктеме берді Шымкент полициясы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →