«Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің үш ірі қаласында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елордада аяз беті қайтпаса, оңтүстік қалаларда күн сезілерліктей жылынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша:
31 қаңтарда күн құбылмалы, аздап қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -7-9°С.
1 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -3-5°С.
2 ақпанда күн бұлтты, күндіз қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -8-10°С.
Алматы қаласы бойынша:
31 қаңтарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +2+4°С.
1 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +3+5°С.
2 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман сақталады. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +5+7°С.
Шымкент қаласы бойынша:
31 қаңтарда күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
1 ақпанда күн бұлтты, көбіне жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С.
2 ақпанда күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +11+13°С.
