Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тарихи жетістік: Елена Рыбакина әлемнің үздік үш теннисшісі қатарына енді

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open финалына шыққаннан кейін WTA рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл – оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.

    Тарихи жетістік: Елена Рыбакина әлемнің үздік үш теннисшісі қатарына енді
    file_306.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шығуының арқасында Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Осыған дейін әлемдік рейтингтің бесінші сатысында тұрған спортшымыз Мельбурн кортындағы сәтті ойындарынан кейін бірден екі позицияға жоғарылады. Енді ол Australian Open турнирінің бас жүлдесі үшін рейтингте көш бастап тұрған Арина Соболенкомен кездеседі.

    Үшінші орын – Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. WTA ұйымының хабарлауынша, қазақстандық теннисші финалдық кездесудің нәтижесіне қарамастан, осы орынды сақтап қалады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →