Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Трамп Сеулді келісімді бұзды деп айыптап 25% тариф енгізді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяны сауда келісімін орындамады деп айыптап, елден келетін импорттық тарифтерді 25%-ға көтерді.

    Трамп Сеулді келісімді бұзды деп айыптап 25% тариф енгізді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяны былтыр жасалған сауда келісімін орындамады деп айыптап, елден келетін импортқа салынатын тарифті 25%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореядан тасымалданатын тауарлардың басым бөлігіне, соның ішінде автомобиль, ағаш өнімдері мен фармацевтикаға салынатын баж салығы қазіргі 15%-дан айтарлықтай өседі.

    «Біз келісімге сай тарифтерді төмендету үшін жедел әрекет еттік, ал олар құжатты мақұлдауды созып жатыр», – деді АҚШ президенті.

    Оңтүстік Корея тарапы тарифтерді көтеру туралы ресми хабарлама алмағанын мәлімдеп, осы мәселе бойынша Вашингтонмен шұғыл келіссөздер жүргізуге ниетті екенін білдірді.

    Екі ел арасындағы келісім өткен жылдың қазан айында жасалған. Оған сәйкес, Оңтүстік Корея АҚШ экономикасына 350 млрд доллар инвестиция құюға міндеттелген. Бұл қаражаттың бір бөлігі кеме жасау саласына жұмсалуы тиіс еді.

    Құжат 26 қарашада Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясына енгізіліп, қазір қаралып жатыр. Жергілікті БАҚ оның ақпан айында бекітілуі мүмкін екенін жазған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →