Қазақстандық әуе компанияларына Иран аумағы үстінен ұшуға тыйым салынды, бұл шара әуе кеңістігіндегі қауіптің артуына байланысты қолға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) отандық тасымалдаушыларға Иранның әуе кеңістігінде, оның ішінде және жақын маңда ұшуға шектеу енгізді.
«Қазір барлық рейс қауіпті аймақты айналып өтеді. Жағдай ҚАӘ-нің толық бақылауында. Қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданады», – деп ескертті ведомство.
