Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Жаңаөзендегі жол апаты: Өрт сөндіру көлігі соқтығысып, 10 жасар бала көз жұмды

    Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 10 жастағы бала қаза тапты. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы ауыр.

    Жаңаөзендегі жол апаты: Өрт сөндіру көлігі соқтығысып, 10 жасар бала көз жұмды

    Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 10 жастағы жолаушы бала қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 18 қаңтарға қараған түні болған. Шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

    Апаттан кейін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына он адам жеткізілген.

    «Дәрігерлер балаға шұғыл ота жасағанымен, ауыр жарақат салдарынан оның өмірін сақтап қала алмады», – делінген хабарламада.

    Тағы бір зардап шегуші жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатыр. Ол қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

    Төрт науқас травматология және нейрохирургия бөлімшелеріне жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. Ал жағдайы жақсарған тағы төрт адам үйіне жіберілді.

    Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу) бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →