Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді •

    Трамптың мәлімдемесінен кейін алтын мен күміс бағасы күрт өсті

    Трамптың мәлімдемесінен кейін алтын мен күміс бағасы күрт өсті

    Фото: Anna Moneymaker/Shutterstock

    Әлемдік нарықта алтын мен күмістің бағасы жаңа тарихи межеге жетті. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропаның 8 еліне Гренландияға қатысты ұстанымы үшін 10 пайыздық сауда бажын енгізу жөніндегі мәлімдемесі себеп болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    19 қаңтар күні Азия қор биржаларында тұрақсыздық жағдайындағы негізгі актив саналатын алтынның бағасы 4690,59 долларға дейін жетті, ал күміс 94,12 доллар болды.

    Бұдан басқа ықтимал сауда соғысының басталуына байланысты алаңдаушылық күшейгендіктен, дүние жүзіндегі көптеген қор нарықтары құлдырады. Мәселен, Жапонияның Nikkei индексі 1,4 пайызға төмендесе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы акцияларды қамтитын MSCI индексі 0,3 пайызға азайды. Доллардың иена мен швейцар франкіне қатысты бағамы түсіп, еуро мен фунт стерлинг нығайды. Мұнай бағасы өзгеріссіз қалды.

    Дональд Трамп 1 ақпаннан бастап Германия, Дания, Ұлыбритания, Нидерланд, Норвегия, Финляндия, Франция және Швециядан АҚШ-қа жөнелтілетін тауарларға 10 пайыздық тариф енгізетінін айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, 1 маусымнан бастап баж салығы 25 пайызға дейін көтеріледі. Трамп тиісті алымдар Гренландияны сатып алуға қатысты келісімге қол жеткізілгенге дейін алынатынын ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →