Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Тоқаев Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

    Тоқаев Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

    Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндап, Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі ауқымды екеніне назар аударды.

    Мемлекеттік кеңесші Жұмыс тобы мүшелерінің ортақ пікірін жеткізіп, бұл өзгерістер саяси жүйені уақыт талабына сай жаңғыртуға ықпал ететінін айтты.

    Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардан келіп түскен ұсыныстар негізінде Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелері әзірлеген басты тәсілдер туралы баяндады.

    Атап айтқанда, былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →