Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті

    Атырауда 7-сынып оқушысының жаттығу кезінде неден қайтыс болғаны белгілі болды

    Атырауда 7-сынып оқушысының жаттығу кезінде неден қайтыс болғаны белгілі болды

    Фото: Sports.kz

    Атырауда 7-сынып оқушысы жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Информбюро жаңалықтар қызметінің мәліметінше, баскетбол ойнап жүріп жерге құлаған Абдулазиз Тасболаттың жүрегі жедел жәрдем қызметі жеткенше тоқтаған. Ал жаттықтырушылар марқұм бұрын-соңды денсаулығына шағымданбады деп отыр.

    «Ол екі жылдан бері осында тұрақты түрде келіп жүр. Бала қажетті медициналық анықтама қағаздарын өткізген. Академияға келген кезде ата-аналар арнайы медициналық картаны тапсырады. Ұл-қыздардың денсаулығын бақылайтын қызметкерлер бар. Жаттығу алдында ешқандай шағымы болмаған», – дейді баскетбол академиясының басшысы.

    Қайғылы жағдай кеше таңғы уақытта болған. Баскетбол секциясына қатысатын 13 жастағы жеткіншек кезекті жаттығуына келген. Денелерін қыздырып болған балалар екі командаға бөлініп, жарысты бастайды. Ойын кезінде допқа таласқан Абдулазиз Тасболат кенеттен жерге құлаған. Баскетбол академиясының медбикелері балаға алғашқы медициналық көмек көрсеттік дейді. Бірақ оқушы оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.

    Белгілі болғандай, марқұмның туғанынан жүрегі ауырады екен. Оған екі мәрте ота да жасалған. Арнайы есепте де тұрған. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, ата-анасының сұрауымен спортпен айналысу үшін медициналық анықтама бергендерін жасырмайды.

    «Қайтыс болған бала бізде диспансерлік есепте тіркелген бала 2016 жылғы жүрек ақауына байланысты операция жасалған. 2021 жылы екінші отасын жасалған. Үнемі бақылауда жүрген бала. Жүректің туа біткен ақауы диагнозы қойылған. Учаскелік дәрігерінен рұқсатын алған. Мамасы келіп бұрыннан спортты өзінің жақсы көретінін айтып, қағазын алған», – дейді Атырау қалалық емханасының міндетін атқарушы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →