Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова Алматыда өткен референдумға қатысты

Қазақстанның халық артисі, Алматы қаласының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова республикалық референдумға қатысып, таңдау жасады. Дауыс беру рәсімі оның үйінде ұйымдастырылды. Өнер иесі мемлекет дамуы мен тұрақтылығы көбіне азаматтардың белсенділігіне байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар ол елге ақ батасын берді. «Еліміз аман болсын! Жерімізде бейбітшілік орнап, ішкі де, сыртқы да жаудан аман болайық. Мәңгілік елде…

Толық оқу

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашты

Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағынауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше әрі жылы атмосфера қарсы алды. №200 мектеп ғимаратында орналасқан учаскеде сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киім киген «Әжелер хоры» қарсы алды. Әнші әжелер алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл күй…

Толық оқу

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға ғасыр жасаған тұрғын – Кәмилә Қосумаева қатысты. Биыл ол 101 жасқа толады, QazaqToday.info ақпараттық порталы. Жасына қарамастан, Кәмилә апа шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты. Кәмилә Қосумаева Ұлы Отан соғысы жылдары ел игілігі үшін тер төккен буынның өкілі. Оның айтуынша, ол ел үшін маңызды оқиғалардың ешқайсысынан қалмауға тырысады….

Толық оқу
Яндекс.Метрика