Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады • Қазақстанда риелторларға қызмет тапсырмаған клиенттен комиссия алуға тыйым салу ұсынылды • Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирі алдында Кёдзи Хоригутимен көзқарас айқасын өткізді • Павлодар полициясы бұрынғы әйелін қорлаған еркекті уақытша ұстау камерасына қамады • Хван Дон Хёк: «Кальмар ойыны» 4-маусымға оралуы мүмкін, бірақ шешім Netflix-те • Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады • Қазақстанда риелторларға қызмет тапсырмаған клиенттен комиссия алуға тыйым салу ұсынылды • Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирі алдында Кёдзи Хоригутимен көзқарас айқасын өткізді • Павлодар полициясы бұрынғы әйелін қорлаған еркекті уақытша ұстау камерасына қамады • Хван Дон Хёк: «Кальмар ойыны» 4-маусымға оралуы мүмкін, бірақ шешім Netflix-те •

    «Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: кішкентай қызын тұмшалап тастаған Айдана Меденова шулы дау жайлы айтты

    «Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: кішкентай қызын тұмшалап тастаған Айдана Меденова шулы дау жайлы айтты

    Коллаж: Qazaq.today

    Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі дауға қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, қызы Аминаға хиджаб тағу – ешкімнің қысымы емес, тек өз еркі.

    «Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ», – деді әнші.

    Айдана үшін ең бастысы – қызының өзін-өзі бағалауы мен еркін таңдауы.

    «Мен әрқашан Аминаға: сен өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау», – деді ол.

    Әнші өзінің бұл түсінікке ұзақ уақыт бойы келгенін жасырмады.

    «Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек дұға етемін, оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын», – деп түйіндеді Меденова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →